
Бастаушы ауылдық клуб үйінде Жаңа жылдық бал-маскарад кеші жоғары деңгейде өтті.
Кешке ауыл тұрғындары түрлі қызықты әрі әсем костюмдер киіп қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ойын-сауыққа толы бұл шара өте әсерлі әрі көңілді өтті. Костюм киіп келген қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табысталып, көпшіліктің қуанышын еселей түсті.
Осы тамаша мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарының басшыларына алғысымыз шексіз. Ел игілігі жолындағы қолдауларыңыз арта берсін, еңбектеріңіз жемісті болсын!