
15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай «Тәуелсіз елім» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел ҚР әнұранымен ашылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызы мен ел дамуына үлес қосқан қайраткерлер еңбегін кеңінен түсіндіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға құрмет пен отаншылдық рухын қалыптастыру.
Кездесу барысында кітапханашы мен клуб меңгерушісі Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін талқылап, тарихи деректер мен танымдық мәліметтерді ортаға салды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап және пікір алмасу ұйымдастырылды және Беколжастың орындауында «Желтоқсан желі» атты күйін орындады. Біз Тәуелсіздікті сақтайтын және дамытатын - білімді, саналы, патриот жастар екеніне сенеміз!
Тарихты білу - болашаққа дұрыс қадам жасаудың негізі. Тарихымызды құрметтеп, болашаққа сеніммен қарайық!
Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел болашағының берік негізі.
Осындай әдеби-танымдық дөңгелек үстел қазақ тарихына деген құрметті одан әрі арттыра түседі.