
24 қарашада Бастаушы ауылдық клубында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы аясында аудандық жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сот, прокуратура және салық басқармасы бөлімдерінің өкілдері азаматтарды қабылдады. Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел және білікті шешу және "Заң және тәртіп"идеологиясын одан әрі ілгерілету болып табылады.