Қыркүйектің 24-і күні жыл сайын өтетін IV республикалық «Kitap Time - 2025» кітап фестивалі аясында Бастаушы ауылдық кітапханасында Әбу Насыр әл-Фараби әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог,матиматик,фищик, астроном, ботаник,лингвист, логика, музыка зертеушісінің 1155 жылдығына орай «Ғасырлар даналығы» тарихи сағаты өтті. Кітапханашы Абай атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылар және оқырмандарды ғалымның өмірбаянымен және ғылыми қызметімен таныстырды. Әсіресе әл-Фараби туралы аңыздар ерекше қызығушылық тудырды,әл-Фараби Аристотельдің барлық дерлік еңбектеріне түсініктеме жазғаны және ағартушының музыкатану саласына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Оқушылар әл-Фарабидің еңбектері туралы қысқаша айтты және кітапханашы шолу жасады. Осы бағытта ол «Музыка туралы үлкен кітап» еңбек жазып, онда шығыс пен ежелгі грек музыкасы туралы мәліметтерді жүйеледі. «Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі» туралы бейнеролик ғалым және ойшылдың өмірбаян деректерін толықтырып, әл-Фараби өмір сүрген дәуірдің тарихи және тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетті.