
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
елді мекеннің шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
3) 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ), ал аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі – жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ) жібереді.
4) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;
5) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;
6) келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ҚБ ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытындыны дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындау үшін жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытынды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;
8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін курьер арқылы беруге жібереді;
10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады;
елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
4) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;
6) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;
7) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;
8) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы негізінде қабылданады;
10) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартымен қоса курьер арқылы беруге жібереді;
12) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Порталға жүгінген кезде:
елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті тиісті ҚБ-ға жібереді;
3) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;
4) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол ҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тарту жолданады;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын дайындау үшін жіберіледі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;
7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім негізінде жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді;
елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
3) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;
4) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;
6) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;
7) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін дайындайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның негізінде қабылданады;
9) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалымды хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚБ/жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.