
Аққала ауылында мәдениет үйінің кіші залында округ тұрғындары үшін жаттығу залы ашылды. Ашылуы 2025 жылдың 3 желтоқсанында өтті. Белгіленген кесте бойынша залға 10 жасқа дейінгі балалардан басқа барлық санаттар қатысады. Залда 3 велосипед жолы, үстел теннисі, күштік жаттықтырғыш,боксерлік груша, күресуге арналған төсеніштер бар.