«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат»

«Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ басшысы Д.М. Мүхтаров «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» туралы.

Данияр Маратұлы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ең алдымен, адамның тәртіпке, ұйымшылдыққа және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға деген тәрбиесі мен бейілділігінде көрінетін адамның қоршаған әлемге қатысты күнделікті мінез-құлқымен айқындалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес келесі негізде жүзеге асырылады:

- заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі;

- мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

-жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;

- жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зиянды салдарын жою және алдын алу;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте жәрдемдесетін азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, осы адамдарға көрсетілген адамдар мен олардың отбасыларына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай қаражат) мен жеңілдіктер белгілеу;

- кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттіктерді осындай қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға ұсынуға, сондай-ақ оны бақылау мен қадағалауға жол берілмейді;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда 1424 тегін нөмірі бойынша жүгінуге болатыны туралы екенін еске салды