Балалық шағынан отбасында не игерсе, ол кейінгі өмір бойы соны сақтайды. Отбасының адамгершілік-рухани тәрбиесі мен оны нығайту әрекетінде кітап пен кітапхана маңызды рөл атқарады.
Орталық балалар кітапханасында Отбасы, махаббат және адалдық күніне арналған тәрбие сағаты және «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әртүрлі авторлардың отбасы туралы шығармалары, этика, психология және отбасы тәрбиесіне арналған кітаптары өз орындарын тапты. Сондай-ақ, қызығушылық танытқандар отбасы шеңберінде оқу үшін қызықты және танымдық кітаптарды таңдай алады.