Риддерде коммуналдық компанияға ескерту жасалды

Риддерде коммуналдық компанияға ескерту жасалды

«Фирма «Эталон» ЖШС коммуналдық компаниясы (бұдан әрі - Қоғам) Риддер қаласының халқына 2023 жылғы 1 қазаннан бастап қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) шығару бойынша қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы хабардар етті (2023 жылғы 31.08 ustinka.kz).

Қоғамның ҚТҚ әкету жөніндегі қызметті ұсынуды тоқтата тұру туралы жария өтініші Риддер қаласының шекарасындағы ҚТҚ әкету жөніндегі қызметтер нарығында тұтынушылардың шектеусіз тобының құқықтарын бұзуға әкеп соғуы және үстем жағдайды теріс пайдалану түрінде бұзылуға әкеп соғуы мүмкін.

ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қоғамның атына 2023 жылғы 1 қыркүйекте ескерту жасады.