
IELTS емтиханын ШҚТУ базасында тапсыруға болады
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен IDP IELTS Kazakhstan (IELTS ресми тест орталығы) компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды.
Осы құжат негізінде IELTS емтиханын Астанаға немесе Алматыға бармай-ақ университетте тапсыруға болады.
Бұл ынтымақтастық ЖОО ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби біліктілігін шыңдауға да ықпал етеді. Себебі, осыдан былай IDP-ден біліктілікті арттыру бойынша вебинарлар мен семинарлардың тұрақты қатысушылары болады.
Емтихан Paper Based форматында өткізіледі. Ең жақын тесттің мерзімі-2023 жылдың 22 шілдесі.
Емтихандарға тіркелу онлайн режимінде өтеді https://ielts.idp.com/book
Барлық сұрақтар бойынша+7 707 409 15 70 телефонына арқылы хабарласыңыз всем вопросам обращайтесь по телефону +7 707 409 15 70