
Алдағы сағаттарда қазандық желіге қосылып, жылу беру басталады. Бұл ретте риддерліктердің үйлеріндегі температуралық режим қалпына келтіріледі.
Алдыңғы күні Риддер жылу орталығының 6 нөмірлі жоғары қысымды қазандығы пайда болған штаттан тыс жағдайға байланысты тоқтатылды. ТЖ штабының мәліметінше, 2022 жылғы 11 қарашада сағат 8.00-де ЖЭО-да температура 57/44 градус. Сыртқы ауа температурасы-2 градус.
«Багер жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істейді. № 6 қазандықта апат жойылды. Гидравликалық сынақтар жүргізілді. Сағат 8.00-де қазандық агрегатын жағу басталды. Алдағы сағаттарда қазандық желіге қосылып, жылу беру басталады. Қала бойынша энергия тұтыну 9 Мвт құрайды (бұған дейін 12-19 Мвт аралығында болған). Бұл үйлердегі температура режимінің қалпына келгенін көрсетеді», - деп хабарлайды штаб.
Сонымен қатар, бүгін «ЖЭО Риддеріне» қосымша 4 мазут цистернасы жеткізілді.