Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын! 1945 жылғы 9 мамыр-Ұлы Отан соғысы жылдарында теңдессіз батырлық пен халықтар бірлігінің символына айналған, баршамыз үшін қасиетті күн.

Бұл күн ерліктің, батылдық пен патриотизмнің символы болып табылады. Бүгін біз өз өмірін қиын әскери қызметке арнаған, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты түрде қамтамасыз еткендерді құрметтейміз.

Балаларымызды бақытты өмір сүруге және тәрбиелеуге мүмкіндік берген батырларға Мәңгілік даңқ.  Біздің ардақты ардагерлерімізге зор денсаулық, рух сергектігін, қуат пен ұзақ ғұмыр тілеймін.

Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз!

Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, өнегелі ұрпақтарыңызға қамқорлық пен махаббат тілеймін. Ұлы Жеңіс үшін рахмет!

Баршаңызға, құрметті жерлестер-ашық аспан, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін барлық істерде амандық пен сәттілік тілеймін.

Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой