Зияткерлік мектептержаңатиптегі оқу орындары ретінде шәкірттерін ұтқырлық, динамизм және конструктивтілік сияқты қасиеттерді дамыта отырып, өзгеруге дайындайды.
Жас оқырмандарға арналған №3 кітапхана-бөлімшесінде Қазақстандағы бірегей зияткерлік мектептер туралы әңгімелейтін «Жоғарғы деңгейде» әңгімес іөтті.
Әңгіме барысында тыңдаушылар тек білім беру мәселелерін шешіп қана қоймай, ертең елдің болашағын айқындайтын зияткерлік элитасын қалыптастыратын ерекше мектептер туралы білді.Осы мектептердің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- отан сүйгіштік, жалпы адамзаттық және этно мәдени құндылықтарды үйлесетін Қазақстанның зияткерлік элитасын оқыту және тәрбиелеу;
- қоғамда бейімделу және бәсекеге қабілетті адамдар болу мүмкіндігі;
- өмір бойы оқуға дайын болу;
- мамандықты саналы түрде таңдау мүмкіндігі;
- үштілді және ақпараттық технологияны білу.
Әңгіме өте қызықты және нәтижеліөтті.