Медициналық қызмет көрсету сапасына мониторинг

Медициналық қызмет көрсету сапасына мониторинг

«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мадина Маратқызы Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы, арнайы мониторингтік топтың төрағасы Е. В. Агешкинамен бірлесіп «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК 7 аудан амбулаториясының жұмысына бақылау жүргізді.
Мониторинг барысында амбулатория меңгерушісі О.Байсбаева аурухана жұмысы туралы мәлімет берді. Мамандар күнделікті қолданысқа қажет құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілгені анықталды.Алайда,қала тұрғындарының сапалы қызмет алу үшін амбулаторияда керекті мамандар жетіспейтіндігі анықталды. Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша тұрғындармен әңгіме жүргізілді.

Нәтижесінде,медициналық қызмет сапасына әсер ететін мәселе-дәрігерлердің жетіспеушілігі. Бұл шағымдар жобалық кеңсенің бақылауында болады.