Риддер қаласы тұрғындарының назарына!

Риддер қаласы тұрғындарының назарына!

Риддер қаласы әкімдігінің Интернет ресурсында «Халық қатысатын бюджет» порталы ашылды. «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасының мақсаты азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Риддер қаласының аумағын дамыту және абаттандыру болып табылады.

2023 жылға арналған жобалық ұсыныстар 2022 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін қабылданады.

Толық ақпаратпен Риддер қаласы әкімдігінің Интернет ресурсында немесе 4-24-36 (ТҮКШ бөлімі), 4-29-72 (экономика және қаржы бөлімі) тел. бойынша танысуға болады.

Белсенді қатысуға және қаланы абаттандыру бойынша жобалық ұсыныстарды жолдауға шақырамыз!