2021 жылғы 26 қарашада Риддер қаласының Жастар ресурстық орталығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы аясында «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы» диалог алаңы өтті

2021 жылғы 26 қарашада Риддер қаласының Жастар ресурстық орталығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы аясында «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы» диалог алаңы өтті

2021 жылғы 26 қарашада Риддер қаласының Жастар ресурстық орталығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы аясында «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы» диалог алаңы өтті.
«№1 мектеп лицейі» КММ оқушылары, Риддер аграрлық-техникалық колледжінің студенттері, «Риддер қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Риддерлік ағарту штабының төрағасы Е.А. Донцова,Риддер қаласының Достық үйінің директоры Н.В. Климова, Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. В. Агешкина, Риддер қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы С. Әлібекұлы, «Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Төлеухан қатысты.
Іс-шара барысында диалог алаңының қатысушылары сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның себептері мен түрлерін ашып,тақырыптық және шығармашылық тапсырмаларға қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне тарту, белсенді азаматтық ұстаным таныту.