«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Риддер қалалық бөлімшесінің жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.
Сараптама орталығы қызметінің негізгі бағыттары: санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған зертханалық зерттеулерді орындау болып табылады. Риддерлік «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бөлімшесі Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарына сәйкес бактериологиялық,паразитологиялық,санитариялық-химиялық,радиологиялық зерттеулер,мекендеу ортасының физикалық факторларын өлшеуді жүргізеді.
Бактериологиялық зертхана тамақ қалдықтарының,судың,сыртқы орта объектілерінен алынған шайындылардың сынамаларына зерттеу жүргізеді,байланыста болған адамдарды ішек, ауа-тамшы инфекцияларына тексерумен айналысады.
Санитариялық-гигиеналық зертхана тамақ өнімдеріне,орталықтандырылған сумен жабдықтау суларына,бассейнге,ашық су қоймаларына зерттеулер,атмосфералық ауаны зерттеу,физикалық-аспаптық және радиологиялық өлшеулер жүргізеді.
Дезинфекция секторының жұмысы инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алуға бағытталған.Мамандар дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетеді.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде мекемелерге бару арқылы арнайы зертханалық талдаулар жүргізіледі.