Қазақстандық кәсіпкерлердің назарына

Қазақстандық кәсіпкерлердің назарына

QazTrade Academy Сіздерді 2021 жылғы 18 мен 27 қазан аралығында онлайн өтетін "Ақылды экспорт" бірінші бизнес-практикумына шақырады.

Бұл бағдарламаны "QazTrade" АҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бастамасы бойынша еліміздің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында экспорттық қызметтің негізгі және өзекті бағыттарына тегін оқытуды ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Қазақстандық өндірушілерді барынша қамту мақсатында оқыту онлайн режимінде жүргізіледі.

 Сізді жетекші халықаралық және жергілікті сарапшылар өткізетін 8 күндік қарқынды практикалық семинарлар күтеді. Оқытуды кез келген компания өте алады: тәжірибелі экспорттаушы, экспортта "алғашқы қадамдар" жасайтын кәсіпкерлер де.

Бизнес-практикумның бағдарламасы, кестесі мен тақырыптары туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады:

http://smartexport.qaztrade.org.kz/

📌 Егер сіз оқуға қызығушылық танытсаңыз, сілтеме бойынша 17 қазанға дейін (қоса алғанда) тіркелуіңізді сұраймыз.:

https://forms.gle/jDqydgu29X6o54XY7

❓ Сұрақтар туындаса келесі нөмірлер бойынша қоңырау шала аласыз:

8 7172 61-37-49, + 7 708 226 5445 Асель, + 7 702 888 2910 Элеонора,

+ 7 708 252 8869 Асылхан.

Құрметпен, QazTrade Academy командасы