Ү.ж. 5 қазанда Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Нұрбахитұлы Байжуменовтың

Ү.ж. 5 қазанда Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Нұрбахитұлы Байжуменовтың

Ү.ж. 5 қазанда Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Нұрбахитұлы Байжуменовтың төрағалығымен Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
1. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұрын сотталған және шартты түрде сотталған адамдармен жұмысты ұйымдастыру және қылмыстарды қайтадан жасауға және оларды қоғамда қайта әлеуметтендіруге жол бермеу туралы.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендету туралы.
3. «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету туралы
4. «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тыңдау.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
1. «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Риддер қаласының пробация қызметімен бірлесіп, қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға консультациялық қызметтер кешенін көрсетсін.
2. «Риддер қаласы бойынша білім бөлімі» ММ оқушыларды толық қамти отырып, қаланың барлық оқу мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде жұмыстар жүргізу ұсынылсын.
3. «Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Риддер қаласының Прокуратурасымен бірлесіп тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты жоспарласын.