Мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігi шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша өткізілген іс-шараларға мониторинг жүргізді

Мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігi шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша өткізілген іс-шараларға мониторинг жүргізді

«Риддер-Адалдық-Аланы»жобалық кеңсесінің басшысы «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ маманы Н.В.Свинаревамен бірлесіп мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігi шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша өткізілген іс-шараларға мониторинг жүргізді.

Мониторинг келесi мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiлдi:

- «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;

-«Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ
-Риддер қалалық соты;

-Риддер қаласының полиция бөлімі;
- «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ.

Барлығы 110 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді:
28 мемлекеттік мекеме объектілері;

8 мәдениет нысаны;

36 оқу және мектепке дейінгі мекемелер объектілері

21 Денсаулық сақтау объектілері, әлеуметтік объектілер;

7 басқа объектілер.