«Риддер-Адалдық-Аланы» жобалық кеңсесінің басшысы Мадина Маратқызы Риддер қаласында вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді

«Риддер-Адалдық-Аланы» жобалық кеңсесінің басшысы Мадина Маратқызы Риддер қаласында вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді

27.07.2021 жылғы жағдай бойынша вакцинаның 1 компонентін 13675 адам,2 компонентін 7143 адам алды.

«Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК күн сайын халықты вакциналау жүргізіледі.
Вакцинацияны алу пунктінде азаматтар арасында вакцинациялау паспорттарын заңсыз сату фактісіне сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерімен вакцинация паспорттарын заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы әңгіме жүргізілді.
Мониторинг жүргізу кезеңінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Вакцинация паспорттарын жалған жасау қылмыстық жазаға әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар халық үшін қауіпті, өйткені жалған вакцинацияланған адам коронавирус жұқтырып, жақындарына жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, жалған вакцинацияланған адамдардың коронавирус инфекциясы немесе тіпті өлімі халықтың вакцинаға деген сенімін одан әрі төмендетеді.
Осы бұзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 385-бабында «жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» деп жазылған. Бап 2 000 АЕК (5,8 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 
Жаза жалған вакцинация паспортын қолданатындар үшін де қарастырылған. Жалған вакцинация паспортын пайдалану 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.