Риддер қаласында шомылуға арналған арнайы жабдықталған орындар жоқ

Риддер қаласында шомылуға арналған арнайы жабдықталған орындар жоқ

Риддер қаласында шомылуға арналған арнайы жабдықталған орындар жоқ. Тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы өзен жағалауларында Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен күнделікті профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Риддер қаласы төтенше жағдайлар басқармасы  Тихая өзені (1 ауданның бөгетінен төмен көпір), Үлбі өзені (Үлбастройдағы көпір ауданы; Үлбастрой ауылы, теміржол көпірінің ауданы ), Быструха өзені (Алтай, Филлиповская көшелеріндегі аудан; айлақ ауданы, Лесопыльная көшесінің көпірі; Быструха, Журавлиха қосылуындағы аудан) Шаравка өзені (Гравиемойка ауданы) шомылуғай тыйым салынған жерлер екенін хабарлайды. 

Бүгінгі күнде Шығыс-Қазақстан облысы су айдындарында 20 адамның суға кету дерегі тіркелді, соның ішінде 3 бала. Бұндай көрсеткіштен Риддер қаласы да шетте қалмады. Өкінішке орай қаламыздың су айдындарында жыл басынан бері бірі баланы үлкендердің қарауынсыз қалдыру, екіншісі ағынды судан өту салдарынан 2 қайғылы оқиға орын алды. Көп жағдайда адамдардың су айдындарында қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып жабдықталмаған орындарда шомылу, жүзе алмау, шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру болып табылады.

Осыған байланысты азаматтардың назарын келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.Ең бірінші тыйым салынады:

- суға алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға ;

- айлақтардан, көпірлерден, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге;

Риддер қаласы  ТЖБ су айдындарының жанында болған сәтте өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеулеріңізді сұрайды.

Риддер қ. ТЖБ