Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: экономиканы әртараптандыру-табыс кілті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: экономиканы әртараптандыру-табыс кілті

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) бірінші бесжылдығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы басталды. Тұңғыш Президент Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, индустрияландыру есебінен экономиканың өнімділігін арттыру өте маңызды болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға кәсіпкерлікті және шағын және орта бизнесті, өнеркәсіптік инфрақұрылымды, жұмыспен қамтуды дамыту, қолайлы инвестициялық ахуал жасау сияқты мемлекет дамуының жалпы жүйелік бағыттарының басым бөлігі кірді.
– Экономиканы әртараптандыру-табыс кілті. Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Еңбек өнімділігін кешенді түрде арттыру аса маңызды міндет болып табылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы.
Отандық экономикада бір қызметкер жылына 17 мың долларға өнім шығаратыны атап өтілді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асады. Жағдайды еңбек өнімділігін арттыру және инновацияларды енгізу есебінен түзету қажет болды.
– Менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат-таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспары. Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ – сінің 40% – дан астамы, олар бізге таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді, - деді Елбасы.
Ресми деректер бойынша ҮИИДМБ-ға шикізат секторларын қоса алғанда, өнеркәсіптің барлық дерлік салалары, инфрақұрылымды дамыту енді, осылайша, басымдықтардың кең фокусын белгіледі.
Сонымен қатар, бірінші бесжылдық аясында экономиканы әртараптандыру үдерісін іске қосу үшін маңызды базалық алғышарттар жасалды – негізгі заңдар қабылданды, оның ішінде "инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ҚР-да экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама" және "энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы" ҚР Заңы және басқалары. Сонымен қатар, 50-ден астам заңға түзетулер енгізілді.