БЖЗҚ сайтындағы жаңартулар

БЖЗҚ сайтындағы жаңартулар

Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне, сондай-ақ, БЖЗҚ-да көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің жетілдірілуіне байланысты БЖЗҚ-ның корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, ондағы онлайн-қызметтердің тізімі кеңейтіліп, салымшылар мен алушыларға ақпараттық қолдау көрсету күшейтілуде.
Қазір БЖЗҚ-ның барлық қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетіледі. www.enpf.kz корпоративтік сайтында барлық ақпарат үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылған.
БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте Сіз:
• өз зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін тексеріп, жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме қалыптастыра аласыз;
• деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізесіз;
• инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтініш беріп, сонымен қатар осы өтініштің күшін жоя аласыз;
• зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бересіз;
• төлемге/аударымдарға берілген өтініштің жағдайын тексересіз;
• жеке зейнетақы шотыңыздың бар екендігі туралы анықтама аласыз;
• зейнетақы шартының «телнұсқасын» ала аласыз;
• ақпарат алу тәсілін «жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушы ретіндегі логиніңіз бен пароліңізді пайдалана отырып» өзгерте аласыз.
Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы авторлануға болады.
Салымшыларға (алушыларға) қолайлы болуы және олардың жеке уақытын үнемдеу үшін сайтта қашықтан беруге болатын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш түрлерінің желісі кеңейтілді. Енді бұл қызметті ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылардың төмендегі санаттары да пайдалана алады:
- 50 жасқа толған тұлғалар;
- мүгедектігі бар тұлғалар.
Өтініш берер алдында қолданыстағы ЭЦҚ-ның, жеке басын куәландыратын құжаттың, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ашылған банк шотының бар екендігіне көз жеткізу қажет. Өтініш беру мақсатында БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) жеке кабинетте ЭЦҚ-ның көмегімен авторланудан өтіп, «Қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау қажет, одан әрі тиісті құжаттарды толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою керек. БЖЗҚ-ның өтінішті өңдеу мәртебесін Сіз жеке кабинетіңіздің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» қызметі, сондай-ақ, БЖЗҚ корпоративтік сайты арқылы оңай қадағалай аласыз.
«Қызметтер» бөлімінде төмендегідей шағын бөлімдер пайда болды:
- «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның (инвестициялық портфельді басқарушы) сенімгерлік басқаруына аудару», мұнда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару шарттары туралы ақпарат қана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқаратын компаниялардың тізілімі және зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару кезіндегі қадамдық нұсқаулық та ұсынылған;
- «Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы», мұнда 01.01.2021 ж. бастап ЕАЭО елдерінің еңбекші азаматтары өздерінің зейнетақы құқықтарын қалай қалыптастырып, сақтап және келешекте өздерінің зейнетақы құқықтарын қалай іске асыра алатынын білуге болады.
«Көрсеткіштер» – «Зейнетақы активтері бойынша көрсеткіштер» бөлімі «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру», «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» (уәкілетті операторлар мен өңірлерге бөле отырып), «Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және «Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдерімен толықтырылды, мұнда жедел ақпарат әрбір жұмыс күні сайын жаңартылып отырады.
Сондай-ақ, «Көрсеткіштер» - «Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруындағы инвестициялық портфельдердің құрылымдары туралы деректер, сондай-ақ, ҚРҰБ мен ИПБ инвестициялық қызметіне шолу орналастырылады. Жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару туралы шешім қабылдаған салымшылар (алушылар) үшін бұл ақпарат аса маңызды.
Жоғарыда аталғандардың бәріне қоса, БЖЗҚ сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, болашақ зейнетақы төлемдерін әлі де дербес есептеуге болады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы.
Есептеу үш сценарийде жүргізіледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Олардың әрқайсысы кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді, ал барлық болжамды нәтижелер нақты құндық мәнде (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясы шегеріліп) ұсынылады.
БЖЗҚ сайтында көрсетілетін қызметтердің тізімі ауқымды, барлық ақпарат жеңіл және қолжетімді түрде берілген. Тек салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ, барлық мүдделі тұлғаларға www.enpf.kz сайтына кіріп, қажетті бөлімге өтсе жеткілікті.