Саяжайдағы өрт

Саяжайдағы өрт

Риддер қаласында бір тәуліктің ішінде кепкен шөптің жануы бойынша 6 дерек тіркелді. Лениногорская, Халтурина, Маяковский, мунай базасы маңы және 3 шағын ауданда орын алған өрттерді уақытылы ауыздықтау өрт сөндіру қызметінің жоғарғы жетістігі болып табылады.
«Громотуха» бағы бірлестігі маңында құрғақ шөп жану оқиғасы орын алды. Осы күнгі қатты жел салдарынан от екі бөлікте орналасқан 2 монша мен саяжайға, және жаздық демалыс орнына шарықтады. Үй маңындағы 1 гектар көлеміндегі алқап өртенді.
Өрт сөндірушілер түні бойы отпен күресті. Құтқарушылар өртті ауыздықтай алды, олар болмаған жағдайда Громотуха шатқалындағы үйлердің барлығы жанып кетуі мүмкін еді. Онымен қоса арғы жағында тұрған Шыршалы алқап. Олай елестетсең мүлдем қорқынышты. Байқағандарыңыздай өртке қауіпті кезеңдегі абайсызда сөндірілмей түсірілген шылым және сіріңке – үлкен қайғылы оқиғаның негізі болуы мүмкін.
Риддер қаласы ТЖБ қала түрғындарына отпен ойнау, отқа салғырт немқұрайлы қарау үлкен қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін екенін естеріңізге салады. Сіздерден шөптерді жақпаңыздар және өз балаларыңызға сіріңкемен ойнау тыйым салынатын жеткізіңіздер деп нұсқама береміз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өрттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Өрт оқиғасы орын алған жағдайда жедел түрде Өрт сөндіру қызметіне 101 немесе 112 байланыс номеріне хабарлаңыздар.

Риддер қ. ТЖБ