Құрметті Риддер қаласының тұрғындары!

Құрметті Риддер қаласының тұрғындары!

Қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Риддер қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 288 «Риддер қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екіайлықты өткізу туралы» қаулысы қабылданды. Осыған байланысты, апта сайын 2021 жылдың 17 сәуірінен 2021 жылдың 05 маусымына дейін әр сенбі сайын сенбіліктер өткізіледі. 2021 жылдың 24 сәуірінде жалпы қалалық сенбілік жоспарланған.
Сондай-ақ, қаланы көгалдандыру мақсатында 2021 жылдың мамыр айында ағаш отырғызу жоспарланған. Көшеттерді алуға өтінімді «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 4-24-36 телефоны бойынша беруге болады.