Көктемге дайынбыз!

Көктемге дайынбыз!

2021 жылдың 3 наурызында "Көктем-2021" Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Риддер қаласында "Практикалық іс - қимылдарды орындау - Владивосток көшесі бойындағы Быструшонок жылғасын тазалау және №7 мектеп-интернат базасындағы №6 құрама эвакуациялық пунктін өрістету" тақырыбы бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға жоғары дайындыққа шұғыл ден қою жасағының күштері мен құралдары тартылды. Құрылым басшыларымен дайындыққа келтіру бойынша түзетілген жоспарлар ұсынылды. Нақты мүмкін болатын оқиғаларға барынша жақын практикалық іс-шаралар толық жауапкершілікпен өткізілді.

Ықтимал су басудың алдын алу және жою және халықты қорғау жөніндегі алдын алу шараларын жүзеге асыруға қатысу кезінде авариялық-құтқару бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы мен жеделдігін атап өткен жөн. Оқу-жаттығуларды өткізудің негізгі шарты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде қойылған міндеттерді орындауға дайындық болды.

Риддер қ. ТЖБ