Сақ болыңыз-жұқа мұз!!!

Сақ болыңыз-жұқа мұз!!!

Көп ұзамай көктем келіп, су қоймалары мен өзендерде қар мен мұз еріп, көктемгі су тасқыны басталады. Қар еріген кезде адамдардың мұзда қаза болуына жол бермеу мақсатында Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Полиция бөлімімен бірлесіп, қар еру кезеңінде мұз үстіндегі негізгі қауіпсіздік шараларын халыққа жеткізу үшін қала өзендері арқылы өту орындары бойынша көшпелі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.

Риддер қаласының ТЖБ көктемгі су тасқыны мен сең жүру кезеңінде тыйым салынатынын еске салады:

1.көктем мезгілінде су айдындарына шығу;

2.сең жүру кезеңінде өзен арқылы өту;

3.мұз кептелісі болған жерлерде өзенге жақындау,

4.тасқын суға және опырылуға ұшыраған тік жағалауда тұру,

5.мұз үстінде жүру және оларға міну.

Риддер қ. ТЖБ