1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы азаматтық қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және бейбіт және соғыс уақытында, халықты және аумақты қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдау факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың жалпы мемлекеттік кешенін іске асыруға арналған. Елдің азаматтық қорғаныс жүйесіне орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар кіреді. Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу қарсаңында халық арасында, сондай-ақ санатталған ұйымдардың қызметкерлері арасында Риддер қ.ТЖБ қызметкерлері жадынамалар, брошюралар тарату,сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шаралары және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша стендтерді рәсімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. Күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезде, мұндай шараларды өткізу өте маңызды. Бұл халықты белгілі бір қиын жағдайда мінез-құлық ережелеріне үйретуге, өмір қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді, проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Риддер қ. ТЖБ