«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Г.С. Оразбаевамен бірлесіп, «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2020 жылға сыбайлас жемқорлық

«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Г.С. Оразбаевамен бірлесіп, «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2020 жылға сыбайлас жемқорлық

«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Г.С. Оразбаевамен бірлесіп, «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мониторингін жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мониторингі барысында тексерілетін кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері анықталмағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы анықталды.
Мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша ұсынымдар берілді:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалық актілердегі өзгерістермен танысу;
- мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша жұмысты жандандыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау мақсатында кеңестер, дәрістер өткізуге;
- бюджеттік жоспарлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- Ашық бюджеттер порталы мен ашық НҚА уақытында толтыру;
мемлекеттік қызметтерді «е-gov» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізу.