«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.
Мембағдарламаны 2018-2022 жылдарда іске асыру басты бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:
- «Экономика салаларын цифрландыру»– алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын мүмкіндіктерді қолдана отырып ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайту құру.
- «Цифрлық мемлекетке өту»– халық пен бизнеске олардың қажеттіктерін алдын ала болжай отырып қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.
- «Цифрлық Жібек жолын іске асыру»– деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
- «Адами капиталды дамыту»– креативтік қоғам құруды және жаңа реалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
- «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.