Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы (бұдан әрі-ұйымдастырушылар) 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды

Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (осы номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі (еңбекақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері,  мүмкіндігі шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т. б.);

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (осы номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады);

3) «Үздік ұжымдық шарт» (осы номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады);

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (осы номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады).

Сондай - ақ, байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы тағайындалады. Осы арнайы сыйлықта жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Осыған байланысты, Риддер қаласының барлық жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерін осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.

«Парыз-2026» байқауына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласу қажет. Мекен-жайы: Семенова көшесі, 13 үй.  Анықтама телефоны: 872336 4-48-82