Бүгін Риддер қаласының 240 жылдық мерейтойы аясында «Риддер тарихи аспектілер аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Конференция жұмысы бірнеше алаңда ұйымдастырылып, онда ғалымдар, профессорлар, зерттеушілер мен сарапшылар қаланың тарихы, оның қалыптасуы мен дамуы, мәдени мұрасы және болашақтағы даму перспективалары туралы ғылыми баяндамаларын ұсынуда.

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген қонақтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, архив саласының мамандары және қоғам қайраткерлері қатысуда. Конференция барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өлке тарихын зерттеу мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерін талқылауда.

Конференция жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, Риддер қаласының бай тарихын, рухани мұрасын және оның еліміздің дамуындағы маңызды орнын тағы бір мәрте айқындауда.