Плазма үшін қан тапсыратын донорлар қанша алады

Плазма үшін қан тапсыратын донорлар қанша алады

Соңғы уақытта шығысқазақстандықтардан қан донорларына төленетін төлем мөлшері туралы жиі сұрақтар келіп түсуде. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында Қан мен оның компоненттерін донациялауды орындайтын донорларға төлемдердің қағидалары, өлшемдері мен мөлшері туралы айтылды.

2020 жылғы 25 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (№ҚР ДСМ-111/2020) өтеулі негізде қан мен оның компоненттерін донациялауды орындайтын донорларға төленетін төлемдердің, сондай-ақ қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға тегін тамақтанудың ақшалай баламасы мөлшерінің қағидалары, өлшемшарттары мен мөлшері бекітілді. Аталған құжат "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Кодексінің (2020 жылғы 7 шілдедегі) шығуына байланысты күші жойылған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 374 бұйрығын қайта басып шығару болып табылады. Нормативтік-құқықтық акт айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, тек құжаттың атауы түзетілді, ережелер мен донорларға төлемдер мазмұны өзгеріссіз қалды.

Қанды донациялау бұрынғысынша ерікті өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Егер өтеулі донорлық туралы айтатын болсақ, онда мұнда ештеңе өзгерген жоқ, бұрынғыдай ол өтеусіз донорлар болмаған немесе өтеусіз донорларды қан тапсыруға шақыру мүмкіндігі болмаған ерекше жағдайларда жүзеге асырылады. Қанның белгілі бір антигендік сипаттамаларының (АВО жүйесі бойынша қанның әмбебап тобы, резус-теріс тиістілігі немесе қан компоненттері дайындалатын әлеуетті реципиентпен қан антигендері бойынша сәйкестілігі) құжатпен расталған кезде, өтеусіз донорлар болмаған кезде жұмыстан тыс уақытта (түнгі сағат, демалыс және мереке күндері) әлеуетті донорларды шұғыл шақыру жағдайларында және т.б. сондай-ақ өтеулі донорлар шақырылады. Қалған барлық жағдайларда қан қызметі ұйымдары донорларды қан мен оның компоненттерін донациялауға өтеусіз негізде шақырады және қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды жүзеге асырған донорға тегін тамақтандырудың ақшалай баламасының мөлшері заңда белгіленген 0,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды (2020 жылы 695 теңге). Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы өтеусіз донорлықты дамытудың өңірлік бағдарламасына сәйкес қосымша материалдық ынталандыруды ескере отырып, қанды немесе оның компоненттерін өтеусіз тапсырған барлық донорларға 1000 теңге ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес ерікті өтеусіз донор "алтын стандарт" болып табылады, ал қаржылық немесе өзге де мүдделілігі бар донорлар – теориялық мағынада ықтимал қауіпті санат болып табылады. Ақылы донорлықтың қаупі донордың өз ауруларын жасыруы болуы мүмкін, бұл, ең алдымен, донордың өзінің денсаулығы үшін елеулі салдарларға әкелуі мүмкін, сондай-ақ донорлық қан құйылатын пациенттің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының қан қызметінің міндеті қан мен оның компоненттерінің сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өтеусіз, ерікті, тұрақты донорлардың санын 100% - ға дейін жеткізу.

ШҚ облыстық қан орталығы