
ШҚО бойынша «Көктем-2026» РКШО аясында құлақтандыру жүйесі тексеріледі
2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-де «Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу жүзеге асырылады, сондай-ақ теле-радиоарналарды қармап алу жүргізіледі.
Сабырлық сақтауды сұраймыз.
«Баршаның назарына!»- бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Егер Сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек, сондай-ақ ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын, «Дәрмен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламаларын қадағалауыңыз қажет.