
Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде сайлау органдарының кәсіби мерекесі және сайлау құқықтары мен сайлау процестеріне назар аударатын күн ретінде атап өтіледі.
2026 жылы Дүниежүзілік сайлау күні 5 ақпанда атап өтіледі. Осы күнге дейін Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және жастарды сайлау процесіне тартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі.