Шығыс Қазақстанда өте қатты аяз күтіледі

Шығыс Қазақстанда өте қатты аяз күтіледі

Шығыс Қазақстанда өте қатты аяз күтіледі

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 17-18 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі.
Азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тарту ұсынылады.
Қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз, бірақ шыққан кезде жылы және қалың киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз.
Көлігіңізді жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз.
Пештерді жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын. Алайда шектен тыс қыздырмаңыз. Ұйқы жатқанша 2 сағат бұрын пешті жағуды тоқтатыңыз, отын толығымен жанғанша қақпақты жаппаңыз. Тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз электр жылытқыштарының өрт жағдайына назар аударыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.