Шығыс Қазақстанда қатты аяз күтіледі

Шығыс Қазақстанда қатты аяз күтіледі

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 10 желтоқсанда облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда түнде 25-30, облыстың солтүстігінде, шығысында 33 градус аязға дейін өмендейді.

Осыған байланысты азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тарту ұсынылады.

Егер шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін нақтылаңыз. Көлікті жолға дайындаңыз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, зарядтағыш құралдарды және оларға қосалқы батареяларды алыңыз. Азық-түлік, сіріңке және жылы киім, қол шамы, сондай-ақ жол бойындағы кафелерде толтыруға болатын ыстық шай термосын қосымша алыңыз. Толық бакқа  бензин құйып, қосымша бензин құйылатын ыдыс алыңыз.

Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз.

Қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз, бірақ шыққан кезде жылы және қалың киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз. 

Пештерді жиі жағыңыз,  бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын.  Алайда шектен тыс қыздырмаңыз. Ұйқы жатқанша 2 сағат бұрын пешті жағуды тоқтатыңыз, отын толығымен жанғанша қақпақты жаппаңыз. Тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз  электр жылытқыштарының өрт жағдайына назар аударыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.