«COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін иммундық плазма өндірісінің кейбір мәселелері туралы»

«COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін иммундық плазма өндірісінің кейбір мәселелері туралы»

Құрметті қала тұрғындары!

 «COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін иммундық плазма өндірісінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі №256 бұйрығының талаптарына сәйкес облыс бойынша COVID-19 ауруына шалдыққан иммундық плазманың әлеуетті донорларын іздеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Иммундық плазманың донорлары ретінде ауруы және КВИ-ден сауығуы ПТР зертханалық түрде расталған адамдар ғана емес, сонымен қатар зертханалық расталмаған COVID-19 ауруы бар адамдар да тартылуы мүмкін.

Әлеуетті донорларды іріктеу кезінде белгілі бір талаптар бар:

  • Жасы 18 жастан жоғары.
  • Ауру кезеңінде айқын клиникалық симптомдардың болуы.
  • Сауыққан сәттен бастап 14 тәуліктен және сауыққаннан кейін 2 айдан артық өтпеуі.
  • Қан сарысуында COVID-19-ға қарсы нақты IgG антиденелерінің болуы.

   Иммундық плазма донорлары ретінде ең алдымен еркектер, сондай-ақ әйел адамдар жүктілік анамнезінде болмаған кезде тартылады (аллоиммунизация қаупін болдырмау үшін).

Әлеуетті донор соматикалық сау болуы, донорлыққа қарсы көрсетілімдері болмауы тиіс.

         Барлық әлеуетті донорлар тұрғылықты жері бойынша алдын ала мынадай тексерулерден өтуі қажет:

  • Антиденелердің болуына жедел тест.
  • Қанның жалпы талдауы.
  • Биохимиялық қан талдауы.

Зертханалық зерттеулердің қанағаттанарлық нәтижелерін алған жағдайда пациент иммундық плазма донорлығына қатысу үшін ШҚО ҚО-на жіберіледі.

Тапсырылған плазма үшін 600 мл көлеміндегі ақшалай сыйақы 7 АЕК (19 446 теңге) құрайды.

Құрметті қала тұрғындары сіздерді белсенділік танытып, донор болуға шақырамыз. Донор бол-өмірді сақта!