2025 жылғы 8 қазанда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Риддер қаласының №3 сайлау округінің сайлау комиссияларының мүшелерімен оқыту семинарын ұйымдастырды. Оқытуды қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е.В. Агешкина каскадтық әдіс қағидаты бойынша жүргізді. Іс-шара үшін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері әзірлеген ақпараттық презентациялар пайдаланылды.
