Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған республикалық Іс-шаралар жоспары аясында 16 қыркүйекте Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Ел болашағы сайлаушының қолында – әр дауыстың мемлекет дамуына қосар үлесі» атты республикалық диктантты ұйымдастырды. Диктантқа Риддер қаласының жоғары сынып оқушылары мен студенттері – болашақ сайлаушылар қатысты. Іс-шараға қаладағы 10 мектептің оқушылары мен Риддер көпсалалы колледжі қатысты. Барлығы 60 адам қамтылды.