Арт-нысан Ауэзов даңғылы, 16-үйдің қабырғасына салынды. Туындының көлемі – 150 шаршы метр.
Муралда қазақ аруының бейнесі, құлпыра жайнаған қызғалдақтар мен кең дала көрініс тапқан. Әрбір деталь халқымыздың табиғатпен етене байланысын, бай рухани дүниесі мен ұлттық құндылықтарын көрсетеді.