«Жасыл» енді сөйлейді: Өскемен көшелеріне дыбыстық хабарламасы бар бағдаршамдар орнатылуда

«Жасыл» енді сөйлейді: Өскемен көшелеріне дыбыстық хабарламасы бар бағдаршамдар орнатылуда

Өскемен қаласында жаяу жүргіншілерге арналған дыбыстық хабарламасы бар бағдаршамдар орнатылып жатыр. Жаңа құрылғылар Ушанов алаңы маңындағы өткелдерді қоса алғанда, алты жаяу жүргінші өткелінде жұмыс істей бастады.

Бағдаршамдарда дыбыстық сигналдар мен жасыл шамның жанғаны жөнінде дауыстық хабарламалар қарастырылған. Бұл пешеходтарға, әсіресе көру қабілеті бұзылған адамдарға жолдан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді.

Мұндай бағдаршамдарды орнатуда ерекше назар мүмкіндігі шектеулі жандарға аударылуда. Дыбыстық құрылғылардың көмегімен олар қалалық ортада еркін бағдар алып, жолдан сенімді өте алады.