Өскеменде «Музейдегі түн-2025» халықаралық акциясы өтеді

Өскеменде «Музейдегі түн-2025» халықаралық акциясы өтеді

Музейдегі түн 16 мамырда облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында ұйымдастырылады.

Биылғы акция Жұмысшы кәсіптері жылына орайластырылып, «Тағдырға айналған кәсіп» тақырыбында өтеді.
Акция аясында мерекелік концерт өтеді, оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ Достық үйінің солистері қатысады. Келушілер үшін қолөнер, киімдерді қалпына келтіру және тоқу бойынша шеберлік сабақтар, көрме-жәрмеңке, квест ойындар мен ұлттық ойындар, сауда-саттық ұйымдастырылады.

Отбасылық демалыс үшін жағдай жасалады: сурет салу және жұмыс халық аспаптарымен танысу, балаларға арналған ойын алаңы ұйымдастырылады.

Басталуы: сағат 17.00-де. Музейге кіру тегін.