Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасы – қоғамның берік іргетасы, ұлттық тәрбие, руханият пен адамгершілік құндылықтардың бастауы. Әр отбасының татулығы мен берекесі – тұтас мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі.

Осы айтулы мерекеде әр шаңырақта шаттық пен жылылық орнап, татулық пен түсіністік мәңгі серік болсын. Сүйіспеншілік пен сыйластыққа негізделген отбасыларыңыз ел болашағы – ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қоса беретініне сенімдіміз.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, құт-береке мен баянды бақыт тілейміз!
Берекелі де бақуатты шаңырақтар көп болғай!