
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Жеңіс күніне орай өтетін іс-шараларға байланысты 9 мамыр күні «Жеңіс» мемориалдық кешені (Стрелка) аумағында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады:
08:00-ден 22:00-ге дейін мына көшелерде жол жабылады:
Славский көшесі — Лихарев көшесінен бастап мемориалға дейін
Протазанов көшесі — Крылов көшесінен бастап мемориалға дейін
Сондай-ақ, 08:00-ден 10:00-ге дейін мына көшеде қозғалыс шектеледі:
Қазыбек би көшесі — Сәтпаев көшесінен бастап Өтепов көшесіне дейін
Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.