Қала әкімі Алмат Акышов Қазыбек би даңғылы бойындағы №46, 48, 50, 52 және Есенберлин даңғылы бойындағы №19, 21, 23 үйлердің аула аумақтарына барып, олардың қазіргі жай-күйімен танысты.
Кездесу барысында тұрғындармен, соның ішінде балалармен де пікір алмасып, олардың жаңа алаңға қатысты ұсыныстары мен тілектері тыңдалды.
Жоба аясында қауіпсіз балалар ойын алаңы мен спорттық құрылғылар орнатылады. Сондай-ақ, барлық жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек.
Абаттандыру жұмыстары жақын арада басталады.