Ер есімі – ел есінде!

Ер есімі – ел есінде!

Жеңіс күні қарсаңында Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі қатарымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ақпарат ұсынады.

Михаил Яковлевич Головатюк 1927 жылы 15 қазанда Иркутск облысы, Кутулин ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 16 жасында Иркутск пен Байкал арасындағы темір жол құрылысында еңбек армиясы құрамына алынды.

1944 жылдың қарашасында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 579-шы атқыштар полкінің автоматшысы ретінде Жапонияға қарсы ұрыстарға қатысты. 1951 жылы әскер қатарынан босатылып, сол кезде Омбы облысында тұрып жатқан әкесінің жанына көшіп келді. Сол жерде отбасын құрды. Колхозға шофер болып жұмысқа орналасып, жарты жыл еңбек етті. 1952 жылдан бері Өскемен қаласында тұрады.
Михаил Яковлевич 30 жыл бойы қазіргі «Казцинк» саналатын қорғасын-мырыш зауытында балқытушы болып еңбек етті.

Ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ленин атындағы Даңқ орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, «Кеңес армиясы мен әскери-теңіз флотының 30 жылдығы» естелік медалімен және көптеген мерейтойлық марапаттармен наградталған. Михаил Яковлевич — «Еңбек ардагері» және «Құрметті металлург».