Өскеменде «Бірлік жүгірісі – 2025» өтті

Өскеменде «Бірлік жүгірісі – 2025» өтті

2025 жылғы 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі – 2025» атты республикалық жүгіру өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Жүгіру марафонына 500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында балалар, студенттер, қоғам өкілдері мен салауатты өмір салтын ұстанушылар болды.

Игі шара «30 жыл бірлік – 30 жыл Ассамблея» ұранымен өтті. Жүгірудің негізгі мақсаты – халық бірлігін, ынтымақ пен этносаралық достықты нығайту. Бұл бастама салауатты өмір салтын насихаттауға және қазақстандық бірегейліктің негізін құрайтын мәдени және ұлттық әртүрліліктің маңыздылығына назар аударуға бағытталған.

Шара көтеріңкі көңіл күйде өтті, патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.