1 мамырда Марқакөл-Өскемен бағытында автобус жолға шықты

1 мамырда Марқакөл-Өскемен бағытында автобус жолға шықты

Шекаралық Марқакөл ауылынан облыс орталығы – Өскемен қаласына тікелей автобус жолға шықты. Бұл ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған күрделі мәселенің шешілген сәті.

Ауыл тұрғындары үшін бұл — жай ғана автобус емес, үлкен үміт пен өркендеудің бастамасы. Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм сияқты өмірдің барлық саласына оң әсер етпек.